Жетімге

Бұл бетте «Жетімге» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3478
Жастай жетім қалдың жалғыз,
Қоясың қайда басыңды?
Туғаныңнан айрылып,
Ағыздың көзден жасыңды.
Таяныш жоқ, медеуің —
Сиын хақтың өзіне,
Ата-анада майрылған соң,
Жан көрінбес көзіңе.
Жетім деп аяп жаны ашып,
Көзінің қырын кім салар?
Жас төгіп сен отырсың,
Ойнап жүр өзге балалар.
ІІІешелері олардың
Еркелетіп сүйгенде,
Шеттен қарап жылайсың,
Жүрегің от боп күйгенде.
«Мені де сондай сүйсе деп
Әке-шешем тірі болып»,—
Мөлдіреп ағар жасың көзден,
Қайғы-қасірет ішке толып.
Балалар оқуға барғанда
Қолдарына кітап ап,
Бүрісіп сорлы сен жүрсің,
Оқи алмай жетім қап.
Ceнi де оқуға берер еді,
Әке-шешең тірі болса.
Дәл осындай болмас едің,
Тым болмаса бірі болса.
Сен де оқу оқыр едің,
Балалармен бірге барып.
Босағасында әркімнің
Жүрмес едің жүдеп-арып.
Ата-анаңның сен дағы
Әлпештеген баласы ең.
Ата-анаңның көзінің
Ағы менен қарасы ең.
Есіркеп сипар маңдайдан
Мұсылман жоқ қайрылған.
Жәрдемші жоқ ғаріпке
Туғанынан айрылған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетімге өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жетімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері