Бұл бетте «Дүниеде көркем күйлер көп» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
31.07.2022
0
0
2072
(Шаих-Сағдиден)
Дүниеде көркем күйлер көп,
Жаны бар оны сезбей ме?
Сезбейтін оны құр тұлып,
Тұлыптан кісі безбей ме?
Ән мен күйге түйе де
Шаттанар, хайуан десек те,
Сезбейтін оны адамды
Салпаң құлақ есек, — де!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі