Бұл бетте «Күзетші иттер» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің ауыл жиналды
Қой сойып, ет жеп тоюға.
Жиналған соң кеңесті
Қотанға күзет қоюға.
Бірнеше ит әкеп қойысты
Қотанды аман сақтар деп.
«Бөріден гөрі игі ғой
Тамағын жеген ақтар» деп.
Түнделетіп Айтжа-екең
Қотанды жүрсе аралап,
Күзетші иттер қойыпты
Талай қойды жаралап!
Айқай салды Айтжа-екең
Оятуға ауылды.
Еркелейтін кешегі
Арсылдап иттер жабылды.
«Кет!» деп еді иттерге,
Иттерге ие табылды.
Жиналған жұрт Айтжанға —
«Алмашы дейді мазамды!»
«Не қылдың, бәлем, - деп иттер,
Берерміз дейді сазаңды!»
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі