Жазғытұры

Бұл бетте «Жазғытұры» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2592
Кеш. Ымырт. Таудың іші... жазғытұры,
Құлпырды шыққа оранып ойы, қыры.
Тәніне құлпырған ақ перде жапқан
Сұлудай тау менен тас жердің түрі.
Ақ торғын, жеңіл мұнар тауды басқан
Ай менен жұлдыздардың шашқан нұры.
Биік шың, биік таулар айбат шегіп,
Түнеріп күзеткендей бірін-бірі.
Жаңғырып әр дыбысты қайта айтады.
Керемет, тауда жан бар, тау, тас тірі.
Бұталар, көлеңкеде тұрған шыңдар
Тасада тұрған төніп бейне ұры.
Ағаштың жапырақтары сыбырласқан,
Жасырын майда ескектің айтқан сыры.
Іздеген ғашықтарын бұлбұлдардың
Естілген көкірек жарып айтқан жыры.
Жан салып, тау ішіне көрік берген
Келген жаз — махаббаттың көркем пірі.

1919 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғытұры өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жазғытұры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғытұры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғытұры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері