Қылышсыз қиып түсер қайран қырық – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Қылышсыз қиып түсер қайран қырық» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 6341
Қылышсыз қиып түсер қайран қырық!
Өкінбес жай түссе де, ойран қылып.
Түссе де аспан құлап төбесінен.
Жалпыны желпіндірер жайраң күліп.
Сүйсініп сары аязда сайран құрып,
Аязда түшкірмейтін айлап жүріп.
Қызуы домна пештей қайран қырық!
Қалтқысыз адам ішін аңдыған кез
Қояды қалай танып, қайдан біліп?!
Ауырдан тартынуды ағат көріп,
Қолдайтын қанатсызға қанат болып.
Қырықтың дәрмені мол, дәурені бал,
Қырықты алдан тосар санат-көрік.
Алпыстың ауласынан тітіркенем,
Қырықтың жәрменкесі тарап болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері