Есіңе мені алғайсың
Бұл бетте «Есіңе мені алғайсың» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың?
Тұнжырап тұрған орманға,
Тұнжырап жалғыз барғанда.
Мен бар деп мына жалғанда,
Жоқ деген сөзге алданба.
Есіңе мені алғайсың!
Жапырақ жанып жатқанда,
Күз келген күрең шақтарда,
Ағаштар мұңға батқанда
Есіңе мені алғайсың!
Ақ қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың!
Мен Мукагали Макатаевтын оленднрын, такпактарын жаксы коремын. Соз жок керемет
Керемет. Жаксы. Мен 5 жасымнан Мукагали Макатаевтын олендервн тындап келеи. Мен ол олендерди суйып тындаймын.
Мұкагали олендери маган катты унайды соз жок
Мукагали Макатаевтын өлендерін сүйіп тындаймын.Көп өлендерін жаттап алгам
Большая честь переводить стихи Мукагали Макатаева
Бір туар азамат
Мұқағали атамызға мың алғыс...
Өзі болмасада Артында із қалдырған!!!!!
ӨТЕ КЕРЕМЕТ , ТАМАША.!!!!!!!!!
Жаксы оте тамаша
Неге ар жерде артурли нускасы жазылынып тур?Толык,накты,дурыс нускасы кайсы ози?!
Бұл өлеңді Нұрғиса ағамызға арналған деп естігем
Мұқағали атамызға үлкен рақмет!Ешқашан шаршамайды.Мен оның жұмысына мақтанамын!КЕРЕМЕТ, ТАМАША!
Блин честно гениальный писатель.ВС все стихотворения душевное Негізі мықты акын көбінесе олендер окысам. Ол көбінесе окинишке орай акын кайтыс болғанда б ирак ол көп істі бітірген
Керемет ақын өлгіні осы ақыннан алыңдар!!!
Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының мысалғы, ақтық ақын, бір сөзбен айтқанда сөз жоқ
Шынымен де мықты ақын! Юнескоға кіргізу керек, әлем ақындарының арасына қосу керек, біз қадіріне жете алмай жүрген сияқтымыз, жалпы біз өзіміздің барымызды бағалай алмаймыз, орынды бағасын бере алмаймыз, түсіне алмаймыз
Есіңе мені алғайсың өлеңі ән текстерінде көп өзгеріске ұшыраған. Мүмкін, кей тұстары өзгертілгені дұрыс та шығар . Бірақ, Мұқағалидан асқан ақын бар ма екен? Әнге негізгі нұсқаны өзгеріссіз алған дұрыс деп ойлаймын.
маған тез жаттап алуға болады екен өте мағыналы
Өте күшті бірақ маган кышкене кыиындау.
Өлең – Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік классикасы! ❤️ Лирикалық, терең сезімге толы, сағыныш пен махаббаттың әдемі бейнесі.
Ұлы ақынның жүректен шыққан сағыныш әні, әр оқыған сайын тереңірек тиеді. ❤️
Ұнамады
Әлемдегі ең керемет өлең! бүкіл галактикалардағы ең мықты өлең! адамзат бұдан артық енді жаза алмас!