Нәпсі Әр-Рухи – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Нәпсі Әр-Рухи» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Берік болып рух деген аманатқа,
Бөленейік бақытқа ана жақта.
Өлім деген теңізге жұтылғасын,
Отбасың қалады жаға жақта.

Адамзаттың марқаю көне заңы,
Өз нәпсімді жеңе алмай келем әлі.
Құдай бізді шақырса жұмағына,
Жаһаннамға қашады неге бәрі?

Жақұттарды жанымыз тақсын ізгі,
Көпшілігі ағысқа қарсы жүзді.
Кедергіден өтеміз ақырындап,
Басқара алсақ бойдағы нәпсімізді.

Өлшенбейді дәрежең дәулетіңмен,
Рухымыз тазарады тәубе етумен.
Құдай жазған тағдырға шағымдан ба,
Айырылсаң да сен тіпті бауыр етіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәпсі Әр-Рухи өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Нәпсі Әр-Рухи өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәпсі Әр-Рухи өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәпсі Әр-Рухи өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері