Өмірің қайтіп өзгерер
Өмірдің мынау тұз-дәмі,
Адамның еккен өз дәні,
Ақыл мен сезім олжаны
Бірге тапса сол мәні.
Сынақ келсе Алладан,
Қайғы шекпес ұжданы,
Өмірдің дәмі кетердей
Зәрусіз өтсе қу жаны.
Ұяттан болсаң өлердей,
Өмірің қайтіп өзгерер,
Еркің - тауды екі бөлердей
Өлуге ұятың болса егер.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі