Бұл бетте «Қазақтың ақ күніне біткен Ахаң!» атты Айтмұханова Арайлым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақ десе,мақтанам
Жүзім жайнап,шаттанам.
Таза қанды әлемде,
Біздей ел жоқ ақтабан.
Барлық жұртқа танытқан осы елімді,
Әр ісіңді өзіме етем үлгі.
Жауыздарда жаныңды жаншып еді-ау,
Ахметім,білгеннен соң өзіңнің өсеріңді.
Менің жұртым надан боп қалмасын деп,
Шенділердің жағасына жармасып ең.
Жасаған ісіңді еш ұмытпайды,
Ұрпағымның бағы бастан таймасын деп.
Әлі өзіңдей бір ұлан туылмады,
Алашым деп туына жығылмады.
Үмітімді үзбеймін мәңгі елден,
Көк аспанға көтерер деп туымды әлі!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі