Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған
Бұл бетте «Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған,
жырларымның жұлдызы тамшылаған. Қу
тірліктің есігін құр күзетіп,
жүре алмайды бұлайша шамшыл ағаң!
Күнде ізден, күнде ойлан, күнде
қарман, қайырылмай барады мұңдақ
арман. Міне, тағы отырмын кешті
тосып...
Бұл түріммен боламын кімге
қорған! Түтіндеймін еріксіз...
Сүлейменнің
құмырасы секілді, Жын қамалған...
Хат жазбайсың, міне енді, Сен де мүлде.
Оңай шығар өзіңе пендемін деу. Екеуміздің
арамыз өте қашық –
мың сағыныш, мың күдік, ең кемінде!..
Әдемі бір әлем ең, маған арман,
Арманшылды алдымен табалар маң.
Жыйнасам да жаз бойғы хаттарыңды,
жыртық көңіл онымен жамалар ма?!.
Түгендетіп еріксіз жоқ-барымды, білем
енді осымен тоқтарыңды. Көзге күйік
болмасын, түсінерсің, Түнге ағызып
жіберем хаттарыңды.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі