Алдап әлі келе ме көлгір өмір?
Бұл бетте «Алдап әлі келе ме көлгір өмір?» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өмір туралы өлең берілген.
Алдап әлі келе ме көлгір өмір?.. Айтып
берсең қайтеді-ау сен бір емін! Космосқа
көзелер көкірекпен көздеріңе өлгенше
телміремін.
Маған, жаным, сендегі күлкі – несіп!..
Қулығыңды білдірмей іркілесің...
Сұқтанғанын біреудің білген сайын
сұлуланып кететін Сиқыр – осы!
Бұл Сиқырға тиіспеуге тиіс пенде.
Тиіспесін сөзбен де, сүйіспен де. Көкейімде
жарқ-қ етер бір тылсым бар, көздеріміз
өзара түйіскенде...
Дәл солайша... қол ысып, арқа мұздап, бар
сабырды бойдағы сарқамыз да, аймаласа
кеткенде, аймаласа,
айқай салып Үнсіздік ортамызда,
Ақылымыздан аңқ-қ етіп бүртікті ұғым,
өлімді де ойлатпас, құлдық түгіл?!.
... кірпіктеріңе дейін отыр санап
жабайылау, жарместеу ынтықтығым..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі