Бұл бетте «Таң да атар, күн де батар» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таң да атар, күн де батар... кешқұрым. Сол
бір тірлік қалыпты.
Ай да туар, сақалындай ешкінің. О да
өзгермес, жарықтық.
Менікі де – көрген күні Бақсының... Ел
тым ынтық жұмбаққа.
Көз еттерін көңіліме жапсырып,
көлгірсумен тынбақ па?..
Олар, егер, санадан тыс күш барын
қойған болса түйсініп,
құлқындардың қызыл жолын ұстану –
қай құдайға сүйсіну?..
Мықтылары шырт түкіріп Аспанға, жер
шұқуда әлсіздер...
Ұятынан өлетіндер сасқан ба, өле
алады менсіз де ...
Бәрі-бәрі заңдылыққа бағынар,
әрбір іште «ит өліп»...
Бір есікті жабылатын жағынан
жүргендейміз итеріп.
Жұмбақтық – сол, аша алмайтын еш ғылым...
Зарықпасқа зарықтық.
Ай да туар, сақалындай ешкінің.
Жарықтық... жарықтық...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі