Өлең, жыр, ақындар

Анау бөлмеде. 3-бөлім.

Көп ойландым бұнда да,
Не айтамын енді деп.
Тез арада жаптым да,
Қол-аяғым дірілдеп.
Сескеніп тұрдым да,
Неге бұны көрдім деп.
Орындыққа артымда,
Отыра қалдым ентігіп.
Көрейін дедім қайтадан,
Жақын бардым демігіп.
Сондағы кетпей ойымнан,
Көз алдыма елестеп.
Үркіп жалғыз бөлмеде,
Тағы біреу бар ма деп.
Қарадым көп төменге,
Бұтымды жеп қоя ма деп.
Қолымды созып ақырын,
Ашқанымда жаймендеп.
Тәтті нан мен салаттар,
Кәмпит жатыр бір пакет.
Қымыз, шұбат және де,
Шөлмектегі пәлекет.
Жеміспенен жидектен,
Табақтағы бөлек ет.
Алабажақ торт екен,
Әсемделген кремдеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер