Өлең, жыр, ақындар

Мен үшін жарық күнгейсің!

Сағынатынымды,
Сағынышыма басы бүтін бағынатынымды,
Бір сəтке хабарсыз кетсең,
Шықтан да моншақ тағынатынымды,
Тағатым таусыла сабылатынымды,
Алаңсыз күлкімнен қағылатынымды,
Қапас мұңға салынатынымды,
Көңіліңе кірбің түссе,
Жаныңнан табылатынымды,
Бір ғана жылы сөзіңнен
От болып жағылатынымды,
Ренжи қалсам,
Найзағай боп шағылатынымды,
Артынша,
Жауын боп шашылатыным мен
Су сепкендей басылатынымды,
Білгейсің!
Мен үшін жарық күнгейсің!
Осының бəрін жадыңда сақтап жүргейсің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз