Анашым – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Анашым» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған ана туралы өлең берілген.

Анашым,
Дұғамдасың, уайым тырым,
Бүкіл байлық,
Өзің үшін арзан жырым.
Егіліп құлынына алаңдаған,
Өмірлік болып өтер жанашырым.
Анашым,
Туылғаннан әлпештедің,
Тірлігімді, ісімді қолпаштадың.
Қолдан келген шараның бәрін жасап,
Келмесе де қол қағып, жоқ демедің.
Анашым,
Құдай берген тілекші періштемсің,
Алыс жүрсең, көре алмай, езілерсің.
Еркелетсе, емі жоқ сырқатыңды,
Емдеп берер, құлындай елжірерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері