Биіктерге ұмтыла – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Биіктерге ұмтыла» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Биіктерге ұмтыла,
Өзіңді-өзің бағала.
Ынжықтыққа басылмай,
Дарындықты жағала.
Жақсыларды топ жара,
Санаңды айқын тазала.
Сұрақтармен әурелеп,
Дүниеңді терең мазала.
Жамандыққа жұмылып,
Жаһілдіктен алыс бол,
Жақсылыққа ашылып.
Хафиздікке жақын бол.
Өткендерге өкінбей,
Келеріңе бекем бол,
Болашақты болжамай,
Белестерге әзір бол.
Ашулыққа берілмей,
Сабырлыққа тұрақ бол.
Арсыздыққа жүдеу боп,
Намысыңа жүйрік бол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері