Абат

Бұл бетте «Абат» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 774
Құрметтедім күнесте Шығысымды,
Күн беттегі күнікей ұлысымды.
Адамзатқа арнаған махаббатын
Абайымның ақылман жыры сынды.
Ақиқатын айтқанда, бұра бермей,
Алашымның Шығысы бір әлемдей.
Аспанменен тілдесіп Алтай жатыр
Ата түрік даңқына мұрагердей.
Қазағымның қарымын қорғалатпай,
Қапталынан қорғаған жау-жарақтай,
Қатпарларын тарихтың теңдеп артып,
Нар түйедей шөгіпті Тарбағатай.
Елдігімнің ежелгі ордасындай,
Ендігінің еншілі олжасындай,
Қазағыма қашаннан темірқазық,
Қарт Шыңғысым қасиет Қағбасындай.
Қара Ертістен қаулап кеп өнер тұсым,
Төстен тартып өрлеген көк Ертісім,
Қажып аққан Қалжырым емес, сірә,
Құйып жатқан мұхитқа ерен күшім.
Тұнып жатқан тұңғиық қабатымды,
Алтынменен апталған абатымды,
Сүйемін-ау күптелген күміспенен,
Сары қымыз сапырған сабатымды.
Күдеріден бау таққан жайсаңдарым,
Күршім, Қатон, Марқа мен Зайсандарым.
Қабанбайдай қара нар қайсарларым,
Байқотандай баба би байсалдарым.
Өрел, Берел қанатты тұлпарлары,
Алтын адам – атаның алты арманы.
Бибігүлдей бал таңдай бұлбұлдары,
Қайсеновтей қаһарман арқарлары.
Ахау, Семей, айналдым, Алаш-қалам,
Алашыңа кезің жоқ қараспаған.
Қайымдарың киеге шырақшы боп,
Айымдарың кесірді аластаған.
Өмірімнің өркені – Өскеменім,
Көңілімнің көркі етіп кестеледім.
Керуенің көркейтіп көш көлемін,
Өскеменім, өркенде, өс!.. дегенім.
Өскеменім, көкке өрлей көш!.. дегенім,
Ерке желдей еркіндеп ес!.. дегенім.
Шығыстағы шырайлы ұлысыма
Бостан заман бақытын кеш дегенім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абат өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Абат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері