Өлең, жыр, ақындар

Өмірге серт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 4
  • 14401
Келдім, өмір, қойыныңды аш, енейін,
Ашты-тәтті тамағыңнан өбейін.
Тартылмаған талабымды қуат қып,
Соқпағыңмен мен де алысып көрейін.
Көрген күнім егерде қараң болса,
Оған менің жетпесе бойда күшім.
Қан орнына жүрекке қайғы толса,
Жас жанымды қиямын соның үшін!
Жас жанымды бере алмаспын бекерге,
Арпалысып азабыңды алармын.
Жер бетінде жақсы тіршілік етерге,
Өзіме лайық бақытымды табармын.
Бақыт іздеп соңғы сәулем сөнгенше,
Азабыңмен аянбай-ақ алысам!
Сенің түрткі күндеріңе көнгенше,
Мәңгі дымқыл төсегіммен табысам!


Пікірлер (4)

Ұлпан

Күшті жақсы

Арина

Жаксы

Саламат

Өте тамаша

Ақбота

Тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірге серт өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Өмірге серт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өмірге серт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірге серт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері