Өлең, жыр, ақындар

Түс

  • 18.12.2015
  • 0
  • 2
  • 27687
(Елес)

Қара жолмен келе жатып,
Кездестім ескі досыма.
Сөз айтпақ боп аз тоқтатып,
Ентіге жеттім қасына.
Ескі досым жорға мініп,
Жортып кетіп барады.
Қиястана көзі күліп,
Тек қана бір қарады.
Іріккен жоқ аттың басын,
Жөніне кетті қарамай.
Қолына алып тапаншасын,
Жүрегімді атты жаралай.
Ілестіре шаңына,
- Қиялымды тұрмын қарап.
Дақ салып кетті-ау жаныма,
Жүректі махаббат уы жалап.
Кетті!.. Кетті!..
Бұрылмай,
Еш нәрсе кірмей ойына!
Жүрегім мұз боп жылынбай,
Қала бердім жайыма.
Көз жасымды жаңбыр етіп,
Қара жолдың шаңын бастым.
Жүрегімді зар еңіретіп,
Жолға ғана сырымды аштым.
Артымнан кенет келіп жетіп,
"Осынша неге қиналдың?" - деп,
Қара көзін мөлдіретіп,
Мұңая ол да қарады тек.
Жол бойында ару қалқам,
Отырды ақ жамылып.
Мойнына сонда қолымды артам,
Жоғалған досым табылып.
Қалқамның кенет алдына,
Сүйедім иіп басымды.
Көзімнен сүйіп алды да,
Көңілмен сүртті жасымды.
Бойымды шарпып бір жылу,
Аймалап іздеп тапқандай.
Көсілген көзден ащы су,
Досыма мұңын шаққандай.
Солғын ғана сүзіледі,
Бетімді сипап қолымен.
Күдерім қалай үзіледі,
Өте ыстық едім онымен!
Досыма келіп қолын созады,
Тосыннан болған бөгде күш.
Кім біледі? Неткен ғажап!
Таң алдында көрінген түс!



Пікірлер (2)

Өте керемет❤️

Бақытжан Айдын

Қандай өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Мен - Октябрь

  • 1
  • 4

Тоқтатып болмас,толқыннан туған алыппын,
Жасқанбай болмас,жаралған Күннен жарықпын.
Айырып болмас,достықтан туған халықтың
Еңсесі биік,ерлікпен келген шабытпын.

Толық

Сонарда

  • 1
  • 2

Күн аяз.
Қаңтарда ма, ақпанда ма,
Із кесіп, қан сонарға аттанғанда,
Қарайсың қырқаларға, қапталдарға,

Толық

Беташар

  • 1
  • 4

Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін тастады.
Боз жаулық жауып қыздарға,
Шаңырақ құра бастады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар