Сұп-суық дала тоңдырды тағы – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Сұп-суық дала тоңдырды тағы» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1257
Сұп-суық дала тоңдырды тағы,
Үйі құрғыр да үрейлі.
Жындардың қалың болдым ба іңкәрі,
Елестер бірге түнейді.
Тағы да шарап ішті үнсіз деме,
Тілдеспей қойсам сол жаман.
Қара көйлекті ұсқынсыз неме,
Ағып түседі моржадан.
Тездегенімен жүрек қағысым,
 
Тағдырға мынау көнеді.
Терезе жақтан гүл, от, қар ұшып,
Анау да маған төнеді.
Тынысым кеміп...
Шырмады, буды,
Бар аймалаған өнері.
Саусағы майда,
Тырнағы улы,
Көзі жоқ, бірақ көреді.
Сөйлейді тілсіз...
(Жел күбірледі...)
Сүйеді ұзақ ерінсіз.
Қызғанса екен деп сен бүгін мені,
Қуанып жатам көңілсіз!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері