Мейхана – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Мейхана» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 826
Мейхана,
Елтіп әніне,
Төрінде Ли Байдың суреті.
Қаттырақ сілтедік бәрі де,
Шығыстық шайырдың құрметі.
Ауырлау,
Өңі де тым суық,
Төрдегі ноянның арманы.
Орнынан тұрды да күрсініп,
Балқашқа бір тост арнады.
Қарсы кеп отырған алдына,
Лаулатып шабыттың үмітін.
 
Көзесін көтере салды да,
- Жоқ, – деді,
- Жас пері жігітім.
Естіліп өзгеден үні ерек,
Көзінен тамшылап күйі ішкі.
Қос батыр орнынан түрегеп,
Қос бокал қаттырақ түйісті...
Бара алмас сырына мүлде ешкім,
Суық ой қыдырып түн ішін.
- Соңғысы болсын, – деп, – бұл кештің,
Көтеріп жіберді...
Кім үшін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейхана өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Мейхана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейхана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейхана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері