Отар – Тағдыр – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Отар – Тағдыр» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1009
(досымның әңгімесі)

Ауру ақпан,
Хал-жағдайы сәл, бірақ...
Жыр оқыса жаңылмайды тіркестен.
Қарғалардың қарқылында қар жылап,
Қаратаудың қабағынан күлкі ескен.
Дел-сал отар,
Өкпелі жүз, мал, малшы,
Иен аңғар,
Мағынасыз ит үрген.
Бағып жүрген жанның өзі алдамшы,
Сайқал тірлік айырылған сүйкімнен.
Жұмбақ шоқы,
 
Мерекелеп мың ұлар,
Кәрі құлжа қорадағы қойды аңсап.
Тозақ оты...
Жоғалғандар жылынар,
Тамшы өксиді шопан жігіт тойған шақ.
Қорғасындай уысыңа құйылып,
Тасбастаудың кеудесінде Ай жанған.
Жетім бұғы жезтырнаққа бұйырып,
Таңға жақын тау өртенді...
Әй, жалған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері