Өмір толқыны – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Өмір толқыны» атты Мұқағали Мақатаев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 3
  • 27567
(Элегия)

Жаралып жаңа ішінде ана,
Жай ғана жаттым жансыз бір жалқық.
Жалқықта сәуле кішкентай ғана,
Жүгіріп жүрген бетінде қалқып.
Тірілтті сәуле, бірікті жалқық
Бейне бір сурет жасалды адам.
Жайлы бір жылу суретті шарпып.
Қимылдап кенет жан бітті оған.
Жан бітіп жалқық жатпады тағы,
Құрсағын ана ауырта тарпып.
Өзгеріп кенет табиғат заңы,
Мен болып шықтым сондағы жалқық.
Емеспін жалқық, адаммын енді,
Құмарым күшті жалғанға жарық.
Тәуекел етіп ғазиз жан көнді,
Жатса да жалған жалыны шалып.
Өмірдің толқыны тәкәппар тулап,
Аялдап артты емес-ау күтер.
Жүректің қанын құпия ұрлап,
Тіршілік дәмін таусып та бітер.
Асаудай тулап ұмтылып алға,
Барады өмір жеткізбей желге.
Апарар сені амалың бар ма,
Ұйықтайтын мәңгі бір дымқыл жерге.
Болса да бір күн қымбат қой жарық,
Бірақта бітер тіршілік дәмі.
Дымқыл жер сонда баурына алып,
Оятпас сені әлдилеп мәңгі.
Болдым мен адам баяғы жалқық
Бір күні ажал желкеме мінер.
Оған дейін өмірге құмарым артып,
Іздеймін мен де күш-қуат, жігер!
Толқынында өмірдің,
Толғана ойлап ағамын.
Түйінін шешпей көңілдің,
Көрге неге барамын?!


Пікірлер (3)

Амина

Күшті маған ұнады

Сабыр

Мұқағали Мақатаевтың Өмір толқыны өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір толқыны өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Өмір толқыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір толқыны өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір толқыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері