Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 808
Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай,
Күймелі көште түймелі қыздың назындай,
Қаймағы қалың Қайнардың сұлу жазындай,
Бір өлең қалды,
 
Бір өлең қалды жазылмай!
Арыстан ердей азуын айға білеген,
Хан-Тәңірімдей қалпағын бұлтқа тіреген,
Үлкен армандай үн-түнсіз аққан Ілемен,
Жазылмай қалды,
Жазылмай қалды бір өлең!
Салмағы ауыр болса да қанша ақылдың,
Жүдеді құсым,
Жүрегім үшін “аһ” ұрдым.
Бар болса қане шақырғын досым, шақырғын,
Бір өлең енді жазғалы жүрген ақын кім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері