Мен өлгелі туылдым
Бұл бетте «Мен өлгелі туылдым» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен өлгелі туылдым,
Туылу үшін деп сен өлдің.
Айта алмай аузым буылды,
Құдіретін сезгелі өлеңнің.
Қабірлер ертерек қазылған,
Мықтардың тағдырын түсінем.
Кітаптар өтірік жазылған,
Күрсініп қояды ішінен.
“Кітаптар киелі...”
Жарайды,
Ал менің неліктен мұз ішім.
Мазмұндар мүсіркеп қарайды,
Надандық үйренген біз үшін...
Хат жазып қалдырмай тасты ойып,
Шырқамай шындықсыз соқыр ән.
Мен мынау далама бас қойып,
Кітапқа жазылмай оқылам!...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі