Аспанмен ағатын бұлағым – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Аспанмен ағатын бұлағым» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1083
Таңғы үш...
Тағы да ояумын,
Жиренше көңілім шер қуған.
Ғарыштан түсетін аяулым,
Күттірме, кел жылдам.
Айта бер, өзіңде құлағым,
- Жо, жо, жоқ...
Емеспін тұңғыш ер.
Аспанмен ағатын бұлағым,
Мен де бір құмды шөл.
Сен де іштей ойлайсың білдірмей,
Дертіңе түн тоңып,
Ай терлеп...
Теңізге жетуге үлгермей,
Жоғалсам қайтем деп.
Мен кіммін?...
 
Тәні нұр,
Жаны жыр,
Кепілмін, келе бер өлмейсің.
Ғарышта қалғанмен бәрібір,
Жақсылық көрмейсің.
Тағдыры Ақандай “сорлылау”,
Салымың салбөксе аңшыдан.
Қона алмай кететін болдың-ау,
Құйрықсыз қаршығам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері