Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 774
Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ,
Өлең – тағдыр,
Тағдыр бірақ сайқал-ақ.
Жазбен қыстай өрнектедік ғұмырды,
Тағдыр мені...
Мен өлеңді қайталап.
Бірі өмірді аңыз етіп жазады,
Ал бірінің мен тартамын азабын.
Күлкі бояу, күбір-күбір әңгіме,
Тағдыр менің,
Өлең елдің мазағы.
Жалқы жұлдыз жегідей жеп жанымды,
Құс жолына құлаш ұрып сабылдым.
Бірі тасты жарып шыққан тамырлы,
Бірі ертеңді бағындырар әмірлі...
 
Құлагерді жетекке алып ноқталы,
Құба белге бұрын да бір тоқтадым.
Мынау менің айтып алған ариям,
Мынау менің жүріп өткен соқпағым.
Өлең – тағдыр...
Соның жүгін көтердім,
Кешегідей...
Бүгініме бөтенмін.
Бұл өлеңді жазып алғам...
Тәйірі,
Бұл өмірді сүріп алған екенмін!...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері