Ақтөс
Бұл бетте «Ақтөс» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен аулада үресің...
Ай мен жырдың,
Арасында адасып, әй, мен де үрдім.
Екеуміз еріксіз ит болдық-ау,
Ортасында күн кешіп бай мен құлдың.
Сен аулада үрмейсің...
Жел білмейді,
Өлең ойлап өтірік мен де үрмеймін.
Асыранды Ақтөсім тура өзіңдей,
Адал ермін,
Кірлесем, тең кірлеймін!
Сен аулада тағы үрдің...
Тағы да үрдің,
Қаңғып жүрген қаншықтың жаны кірді.
Үргеніне шулайтын ауыл біткен,
Бейбақ едік не деген халі мұңлы.
Үрмейікші Ақтөсім...
Қалайтыным,
Бұралқылар түрі бар талайтұғын.
Қателестім...
Әй, болды, үрейікші,
Жуынды ішпей жүреміз қалай тірі?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі