Төгіліп түсіп сарғыш айдан бұрым – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Төгіліп түсіп сарғыш айдан бұрым» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1063
Төгіліп түсіп сарғыш айдан бұрым,
Сиқырланып ағады Қайнар бүгін.
Ей, менің елжіреген ақ жүрегім,
Ей, менің мөлдіреген қайран жырым.
Ғашық болып бір ақын,
Ал, тағы бір
Дүр туып таққалы жүр алқалы жыр.
Қайталанбас мұғжиза сыйлап кетті,
Қайғысы да сұп-сұлу қалқа ғұмыр.
Қаланып махаббатқа кесек тұғыр,
Кеше сенде ғаламат кеш өтті бір.
Ақ маржан тұмаңды ішіп қымбаттады,
Арзан күлкі...
Айтылмай өсек, күбір...
Аңызға бай...
Өлеңге ақылды аймақ,
 
Ақын болғым келеді атыңды ойлап.
Сімірейін суыңнан...
Басар ма екен?
Жүрегімде жанартау жатыр қайнап!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері