Ақбастау қасіреті – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Ақбастау қасіреті» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1448
Нұр қаулап ғажап белдерге,
Қауашақ жарып әр түрлі.
Қызғалдақ жаңа өнгенде,
Ақбастау кенет тартылды.
Ақбастау судың кәусары,
Татсаңыз, кетпес таңдайдан.
Ақбастау деген тау сәні,
Суығы өтер маңдайдан.
Байлығы теңіз өлкеде,
Біз талай таңға жыр салдық.
Басына соның ертеде,
Алтын көміпті бір сандық.
Қызықпас кімдер шіркінге?
Қазына болар бек қымбат.
Аңыз қалдырып бір түнде,
Алтынды біреу кетті ұрлап.
Жол сілтеп алтынды іздеуге,
Қалдырған тасқа жазу да.
Білеміз оны біздер де,
Қол тимей қалды қазуға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері