Бұл бетте «Өзіңсіз» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір күнім өтсе өзіңсіз,
Сезінем өзімді көңілсіз.
Жан едім неткен төзімсіз,
Сөзімді ұқшы тек үнсіз.
Өзіңсіз бір күн расында,
Татиды ширек ғасырға.
Жарқ етем ұқсап жасынға,
Болмасам бір сәт қасыңда.
Қызғанып сені өзгеден,
Шығарып салам көзбенен.
Ауыратын бірақ өз денем,
Жеткізем қалай сөзбенен?!
Жабыққан жүрек күйге енді,
Жаным да бұған үйренді.
Қалсам да ауырып кейде енді,
Аңсаймын бәрібір бейнеңді.
25.12.22
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі