Алғашқы рет, соңғы рет

Бұл бетте «Алғашқы рет, соңғы рет» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен сені көрген сәтте алғашқы,
Сен үшін төккен едім әр жасты.
Ал қазір өмірімнен мән қашты,
Көңілімді қар басты.

Алғашқы рет танысқанда сенімен,
Мен өзіңді ханшайымға телігем.
Ал қазір бәрінен де жерінем,
Жыр жазуға ерінем.

Сені ойлап қиналады көп жүрек,
Сені ойлап жүрегіме толды дерт.
Көздеріңді тұрған, сірә, мөлдіреп,
Көрейінші соңғы рет.

Соңғы рет көрейінші жүзіңді,
Соңғы рет естиінші үніңді.
Мәңгіге үмітім де үзілді.
Шын сүйген ем өзіңді.

29.01.23

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашқы рет, соңғы рет өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Алғашқы рет, соңғы рет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғашқы рет, соңғы рет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғашқы рет, соңғы рет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері