Ұлы Абай – Мансур Құрметов

Бұл бетте «Ұлы Абай» атты Мансур Құрметов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қазақтың өлең сөзге жаны жақын,
Дүниеге келді шешен,  талай ақын.
Бұйырмады өзгеге өзіңдей бақ,
Қазақ емес,  әлемге мәшһүр атың.

Құнанбайдың қаны бар құлыны едің,
Қара сөзбен қасыңды жұлып жедің.
Ғұмыр бойы халқым деп қақсап өттің,
Тірі күнде қадіріңді біліп еді кім.

Қыран бүркіт секілді бөрі көрген,
Жабырқадың ел басқарар ұлы төрден.
Өз қамы үшін саудалар өз перзентін,
Не күттің өркөкірек сорлы елден.

Қырық бес қара сөзді жаздың  ,  сірә,
Барлығын алама екен көп ұғына.
Астарлап айтылған әр ауыз сөзің,
Шыға ала ма ұрпағың ой шыңына?

Алаш сенің сөзіңе ерсе егер,
Өзін алмақ ойдағы жауын жеңер.
Әттең бәрі Абайдай ой ойласа,
Жат астында тапталмас еді ел менен жер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы Абай өлеңінің авторы кім?

Мансур Құрметов — осы өлеңнің авторы.

Ұлы Абай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы Абай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мансур Құрметов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы Абай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері