Өмір – Мансур Құрметов

Бұл бетте «Өмір» атты Мансур Құрметов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жүректе сезім  болмаса,
Адамды адам кім қылмақ?
Адалдың сөзі қонбаса,
Болады сонда ұялмақ.

Кіріптар болсаң әрнеге,
Жарлыға жәрдем кім бермек?
Шықпаса сыйлы төргеде,
Жақсының жүзін кім көрмек?

Өлеңді жазу көпке ермек,
Сөзінде мән жоқ сүзерге.
Жаздым деп өспек,  көгермек,
Жағымпаз болып бұл елге.

Пенденің күні пендемен,
Досыңды сына жалғызда.
Талтаңдап,  аяқ кермемен,
Қаласың жалған жансызда.

Білімге құштар болса жас,
Жеріңнің сәні келері хақ.
Бос белбеу болсаң сөз алма,
Жиіркенер сенен сенер жақ.

Өсектің қасын торласаң,
Опасыз жанға кім сенбек?
Әлсізді басып қорласаң,
Жауызын елдің кім жеңбек?

Құдайға сенім болмаса,
Қиямет қиын өтері рас.
Көңілде иман болмаса,
Бетімен безіп кетер жас.

Қазағым аз-ақ болғансоң,
Мақсатың ел болып бірігу.
Бөліну тозақ болғансоң,
Рухани түрде тірілу.

Өлеңді жаздым көп үшін,
Біреуді сынау ойда жоқ.
Еңбек қылсаң шен үшін,
Ұлтыңа сенен пайда жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Мансур Құрметов — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері