Қазақ деген атың сөнбесін деп...
Қазақ деген атың сөнбесін деп,
Қазақ деген тілің өшпесін деп,
Қазақ дейтін даңқты ел көркейсін деп,
Жауыңның бар кінәсін сабырмен айтта, кешір.
Мүмкін, сені досың алдап жүрер,
Мүмкін туған жауың дос боп кетер,
Мүмкін соғыс деген соқырдың ісі ме екен,
Мүмкін жаңа әлемнің шарты ме екен?
Өзің өткен тарихыңнан сабақ алсаң,
Білесің ғой бұл дүниенің келген құнын.
Байлық деген онсыз да бізге келер,
Жақсылықпен ашық болсақ жаңа әлемге,
Бірақ, осы жалғандыққа әлсіз болып көнбе...
Қайтерміз біз құримыз ғой елді жыртып.
Тегімізді, үш жұртымызды мақтан тұтып,
Көнбейміз ғой елдің қазақ бола тұра өлгендігін.
Анау кәпір, мынау кәпір демей,
Үнсіз түзе өзіңді, ойыңды сынай тұрып.
Қазақ деген не халық ол өз тілінде сөйлеуді ұят етіп,
Жүрміз ғой әлі қазақ жігіттерін мамбет етіп.
Бар ойымыз мақтанып, стористерде шаттанып,
Шүкір деп, орамалдың құнын бар әлемге жар салып.
Қазақ деген не екенін білмесең,
Құры дағы жеті атаңның тегін, жерін кет сатып.
Біз емеспіз бе Ордалардың ұрпағы,
Біз емес пе түркі елдің қанаты,
Біз бе, жастар, сол болашақ құл елі?
Аналарымыз ұлт жойғанынан сақтады,
Орыстарға қазақ тұқымын сатпады.
Соғыс дегеннің түбі тек екі адам,
Тіпті кеш болса да, бірін бірі тыңдауға жат болды.
Соғыс болса көрші үйде айқайлай,
Біз үнсіз тыңдап, саралап бар сөзіміз:
«Не шаруамыз бар?
Өздерінің кінәсіне тап болды» деп тұрдық біз абайлай
Егер жер сілкінсе астыңда,
Теңіз суы бар әлемге жамылса,
От жанудың қауіпі алдыңда тұрса,
Не істер екен ақыр заман адамы?
Мүмкін мәнсіз өлең айтып би билер?
Мүмкін, ақша іздеп, зиратына мал көмер?
Мүмкін инет торында мем іздер?
Бар ойымыз ойын сауық, сауда менен инстаграмм.
Осындайда қандай киелі ел болмақпыз?
Шынында позордың нағыз кейпі болмақпыз.
Оянбасаң қазірден, тұншығасың балаң үшін қабірден.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі