Күзгі жаңбыр
- 0
- 0
Күзгі жаңбыр жауып тұрды, күзгі шақ,
Жүрегімді жылтсын қайдан мұз құшақ.
Дала жатты сағыныштан жүдеген,
Төркініне жете алмаған қызға ұқсап.
Бұл бетте «Qadaz media» атты AliyaBirjanqyzy жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
AliyaBirjanqyzy — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде AliyaBirjanqyzy өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Күзгі жаңбыр жауып тұрды, күзгі шақ,
Жүрегімді жылтсын қайдан мұз құшақ.
Дала жатты сағыныштан жүдеген,
Төркініне жете алмаған қызға ұқсап.
Баса алмай кеудемдегі жарылысты,
Көңілдің көгершіні тағы да ұшты.
Кірпігімді тіреу ғып көтеремін,
Кілкіген көзімдегі сағынышты.
Өң мен түс арасында аласұрып,
Тіледі жүрегімді қарасуық.
Көңілдің жер тарпиды арғымағы,
Шайнаған ауыздығын таңасырып.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі