Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?! – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?!» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көше бойлап келе жатсам, дін-аман,
Көзді сүзіп, елең еттім бұралаң.
Қадалғаннан, қараң қалды дүние,
Көлеңкем де сеспей қатты сұлаған.

Салмақ бітіп, жағым жерге құлаған.
Сені көрсе, Рим Әкесі жылаған!
Апырай ау, айтыңдаршы ағайын!
Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?!

Түзу жолда өз-өзімен жығылып,
Көрген еркек бағанаға ұрнып.
Өзім тұрмақ, ұялшақтап сұр сұлбам,
Балағымнан сығалайды тығылып.

Кептелуде, қағысуда бар көлік.
Әйелдер де жалт қарайды бұрылып.
Күн баққандай күнбағыстар далада,
Осындай-да болады екен сұлулық?!
Ержан Қабышұлы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар