Қарауылда, автобекетте – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Қарауылда, автобекетте» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2023
  • 0
  • 0
  • 1021
Қарауылда, автобекетте,
Сені алғаш көргеннен-ақ,
бір шұғылаңды сезгенмін, шалқып тұрған.
О мезет — өзім де ауада қалқып тұрғам!..
Ұмытқанмын жынысымды.
Көктегі Күн — Тәңірінің Бізге ғана арнаған нұры сынды!..

Сол бекеттің Басында — шілде айы ғажап гүлдеген.
Соған қарап, жазмышымды білмек ем..
Шашы да аңқып өскен Мұңымды да көрдім мен сонда!
Сәулелі де болады екен-ау — Мұң деген!..

Содан бері отыз төрт Шілде кетті өтіп.
Жемісін бірге теріп жеп талай кер Күздің,
Шүкір, жапасын шекпедік жалғыздың.
Ал, шашы да аңқып өскен Мұңым — со қалпы…
Қорғаушы періштеміз — Ол біздің.
Поэзия!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарауылда, автобекетте өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарауылда, автобекетте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарауылда, автобекетте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарауылда, автобекетте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері