Өмір – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Өмір» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір
Өмір - сені ешкімге бермес едім.
Көрмесем күндеріңді сенбес едім.
Бар демменен айта алам - Бақыттымын!
Сүймесем бұл әлемге келмес едім.

Не десе де, өзгелер ерекшесің.
Жалған, - дейтін “пенделер” ерікпесін.
Әр күніңе қуанып, мас боп өтем,
Тағы келем өмірге - керек десең.

Өмір саған ғашықпын, сен де жара.
Елеңдейді шыбын жан көкке қарап.
Мейіріңді күтумен қолын созып,
Балаң тұр шабытына біткен қанат.

Ұнатамын аспанды тұнжыраған,
Бұлт үйірін қуалап жорғалаған.
Шақырады далаға еріктіріп,
Тереземді тамшылар ұрғылаған.

Сыбырлайды бұлағым таудан аққан,
Тас еркелеп тылсымның сырын шаққан,
Бесігінде әлдилеп табиғаттың -
О Жер-ана өзіңсің мені тапқан.

Қыбырлаған жәндігің, ну орманың,
Сар даланың самалы салған әнін.
Жер жүзіннің тұрғанда бар жұмағы
Фердаустың бақтарын не қыламын?

Ержан Қабышұлы Қабанбай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар