Ақ-әдемім
Ақ-әдемім
Жүрегімді ауыртып Аға дедің,
Айырылды сол сәтте қақ әлемім.
Қимасам да амал жоқ, қиналсам да,
Қарындас - деп айтқыздың ақ-әдемім.
Бата алмадым көзіңе қарай алмай,
Бір ауыз сөз айтуға жарай алмай,
Әй бір күйін кештім ғой есалаңның,
Астан-кестен жан-дүнием айналғандай.
Ақ-әдемім қалайша Аға дедің?
Мен сені жүрегіммен қалап едім.
Қарындас деп айтамын енді қалай?
Бағыма балап едім, балап едім.
Маған не жоқ, не теңім бұ ғашықтық?
Ақ-әдемім – Ағалап неге асықтың?
Пәк көңліңмен жүзіме қарамашы,
Онсыз да қаным тулап, мұң басып тұр.
Мүмкін бақсың әдемім бұйырмаған?
Сезім кетті сағымдай құйындаған.
Жеті қатқа жасырған ынтызарлық
Естелікке қалдырған сыйың маған.
Ержан Қабышұлы - Bura Naiman
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі