Қарт ұстаз – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Қарт ұстаз» атты Айгүл Қадыр жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мекендеген даналықтың ауылын,
Бұл фәниде адамзаттың жауы кім?
Ертеректе болыпты бір қарт ұстаз,
Шәкірттермен толықтырған бауырын.

Пайымына парасатын жалғаған,
Еш қадамын шалыс баса алмаған.
Көпті көрген ақылды еді бұл ұстаз,
Бар өмірін іліміне арнаған.

Шәкірттері тамсанатын талайдан,
Табылмайтын мұндай дана маңайдан.
Көкжиегін бар білімге толтырып,
Өте берді өмір деген шарайнаң!

Бағамдайды ел өрелінің өресін,
Жазылғаннан кете алмайсың, көнесің.
Бір шәкірті ұстап алып көбелек,
Жетіп барды сынамаққа төресін!

Сұраймын деп келе жатты бөлтірік,
"Қолымдағы тірі ме?"- деп ентігіп.
Тірі десе уысыма қысам да,
Ойлап қойды, жіберем деп өлтіріп.

Ұстазына қойды келіп сауалын,
Кемеңгер қарт білді сөздің ауанын.
Сәл кідіріп, барлап қарап тұрды да,
Шәкіртіне былай берді жауабын.

"Биік мансап қаламағын жолыңда,
Ізгіліктің жүгі жүрсін қомыңда.
Қай әрекет жасасаң да, шәкіртім, -
деді ұстаз - барлығы өз қолыңда."
Айгүл Қадыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарт ұстаз өлеңінің авторы кім?

Айгүл Қадыр — осы өлеңнің авторы.

Қарт ұстаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарт ұстаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарт ұстаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар