Мен бір жақсы,бақытты күн кешудемін
Бұл бетте «Мен бір жақсы,бақытты күн кешудемін» атты Ernar_akyn жазған бақыт туралы өлең берілген.
Мен бір жақсы,бақытты күн кешудемін
Болмағандай ешқашан жүзімде мұң
Әр бақытты сәттерім тамшы болса,
Мен бір үлкен мұхитта жүзудемін
Білім алып ақырын қадам басып
Ұстаздармен бас қосып,ақылдасып
Бұрын соңды танымай,көрмей жүрген
Жақсы жақсы адамдармен жақындасып
Күндей жанып жүремін жаңбыр күні
Бос өткізбей әрбір таңды,әрбір түнді
Жақсы жағым жарық боп жанып келсе
Жаман жақтың шамдарының көбі сөнді
Ақындық та дамыды,көтерілді
Жаза алардай сипаттап өткен күнді
Жақсы жақты өлеңдер көбейгенмен,
Жаман жақты өлеңдер төңкерілді
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі