Дыбыстық жаттығу «Әріптер мен есімдер»
Ерте, ерте, ертеде,
«АйСаф» деген өлкеде.
Бес бірінші сыныпта,
Қыздар өмір сүріпті.
«А» әрпінен есімі,
Басталатын біраз қыз,
Ұйқысынан тұрыпты.
«Ә» - ден келер екі-үш қыз,
Беті-қолын жуыпты.
«Б» әрпінен есімі,
Басталатын біраз қыз,
Тек тістерін жуыпты.
«В» дан келер есімі,
Кіп-кішкентай қыз бала,
Шашын тарап, буыпты.
«Г» - дан келер есімі,
Гүлге ұқсайтын екі-үш қыз.
Шығарып бір қылықты,
Мұрнын ғана жуыпты.
«Ғ» - дан келер тәтті қыз,
Тұра алмай ұйқыдан,
Көздерін тарс жұмыпты.
«Д» менен «Ж» әрпінен,
Басталатын ныспысы.
Тағы екі-үш қыз оянып,
Ұйықтатпады бізді деп,
Маса мен шыбын қуыпты.
Ж, з, к, и, қ, м, н,
Ф, ч, с, т, у, ұ, ү,
Әріптерден басталар,
Қыздар қайда сүйкімді?
Жеңіп пе олар ұйқыны?
І, о, ш, х, я, э, ы,
Әріптерден есімі,
Басталатын қыздардың,
Барлығы бопты үлгілі.
Қол соғайық қыздарға,
«Ң» - нан келер қыз бар ма?
«Х» - дан келер Хадиджа,
«Ә» - ден келер Әмина,
Әсем менен Әсия.
«Р» - ды айта ма барлығы?
Райяна мен Айкүнім?
Фатима мен Фатиха,
Ясмина мен Сумая,
Айша, Аниса, Муслима,
Зайнаб, Мариям, Мадина.
ың, ың, ың, ың,
ра, ра, ра.
ыз, ыз, ыз.
Бәрі жақсы қыз!
Г. Қасенбай
23.02.2023.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі