Журналист болам мен ертең – Санаева Айшат

Бұл бетте «Журналист болам мен ертең» атты Санаева Айшат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алла берсін тілекті,
Тыңдап көрдім жүректі.
Журналист болам мен ертең!
Жаны жылы, тілі епті.

Бұқара мен біліктің,
Көпіріне айналам.
Бәрі маған таңырқап,
Қызу еңбек қайнаған.

Жақсы ісін жақсының,
Сүйіншілеп таратам.
Жақсыларды жалқауға,
Үлгі етіп қаратам.

Оятамын халықтың,
Рухын, ойын, санасын!
Алдын алып қауіптің,
Іздеп табам жарасын.

Ана тілін қорғаймын,
Қорғасындай салмақты.
Туған тілсіз оңбаймын,
Бабам тілім ардақты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар