Мысал өлең – Еркебұлан Мыңжасар

Бұл бетте «Мысал өлең» атты Еркебұлан Мыңжасар жазған поэзия туралы өлең берілген.

Қисық терек басына,
Түзу шыбық шығарма,
Лайда өскен көлбақа,
Тұнық сөзін ұғарма.

Қисық терек шыбығын,
Баққа отырғыз да бапта.
Көлбақаны көтеріп,
Тұнық суға таста.

Жәй естімей, көз көріп,
Ойға алсын, илансын...
Бұлардыкіде жөнғой деп,
Солай болмақты ұйғарсын.

✍Еркебұлан Әліпбекұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар