Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы – Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы

Бұл бетте «Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы» атты Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қадыр Мырзалиевке арнау

Жауһазындай жырларыңнан сұлулықты таныдым,
От жырларың берді жанға өшпейтіндей жалынын.
Елі менен ер мінезін ұштастырған ақынды,
Байқай алсаң,керемет¬-қой үндестігін жанының.

Дәл өзіңді арнайылап сақтай білдім жадымда,
Мүшәйрада бәлкім қолдап тұрарсың жан-жағымда.
Әнұран мен қатар жүрер “Атамекен” әнің де,
Қан ойнатып,рух береді менің мынау жаныма.

Қауырсындай қаламыңмен бөлісерсің жырыңды,
Жан-тәніммен түсінермін мен сенің ой-сырыңды...
Қираған тек құлпытастар ғана емес ойлашы,
Әлі талай айтамыз ғой ашылмаған қырыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері