Кісілік – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кісілік» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1584
Өз-өзіңнен сыздана
тырсиғанмен ісініп,
өрте жерді, тұз жала –
қонбайды одан кісілік.
Көрмесе де жанды аяп,
зілденеді елге де,
өткізгені бардай-ақ
жердегі бар пендеге.
Жүзден жүйрік таңдайтын
кісілік те - бір дарын.
Бұл ұғымнан шалғай тым
кісімсініп тұрғаның.
Атың аз күн арқырар,
мансап-тәжің қорғаса.
Абырой да сарқылар,
кісілігің болмаса.
Таудай деме жаманды –
ісін таны, ішін ұқ.
Аласартпас адамды
көзге ұрмайтын кісілік.
1986


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері