Сүйе білсең – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сүйе білсең» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1052
Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.
Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.
Жанар болсаң,
Болар едім жалынын,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.
Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.
Амалым не,
Ашылмады боранын,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.
Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері