Сөз соңы – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сөз соңы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1270
Өмірге өзім борыштар,
Борыштар менмін мәңгіге!
Жинап-теріп, уа, достар,
Шерттім шәркез әңгіме.
Дастандар тыңнан туар ма, –
Кепілдік емес айтарым,
Егез бе, яки сыңар ма,
Әйтеуір, бірақ, тартамын.
Байқалмас еді жоталар,
Болмаса ылдый, саласы.
Әкенің мейірі от алар
Күлгенде тұңғыш баласы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері