Өлең, жыр, ақындар

Сағынамын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес, Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес. Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш. Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу, Өтпейді. Өтсе, отырам оймен түнде ояу. Саруайымменен, сарғаюменен күн кешіп,
Санама менің сіңіп барады бір бояу.
Толқыған жүрек, балқыған сезім тудырып,
Ол күндер кетті кірпікке ауыр мұңды іліп. Малынып шерге, сағынып сен де жүрмісің, Жаныңды, қарғам, жасына көздің жудырып. Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
(Серуен құрам, тәтті елес, сені сағынып).
Қанатын керген қара түндерден іздеймін, Іздеймін анау аспанға сансыз шам іліп. Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп. Қалайда, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
Ал сағынбауға хақым жоқ!


Пікірлер (1)

Арайлым

өте ерекше әсер етті.өнеріңіз өрге жүзе берсін.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынамын өлеңінің авторы кім?

Арайка Бекетаева — осы өлеңнің авторы.

Сағынамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сағынамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайка Бекетаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері